Көкшетауда айналмалы қопсытқыш құрылыс жабдығына ер адамның аяғы қысылып қалған

Жазатайым оқиға, Көкшетау, 72 жастағы ер адам, айналмалы қопсытқыш құрылыс жабдығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 19:01 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
12 маусымда Көкшетау қаласында жазатайым оқиға орын алды. Жеке тұрғын үйдің учаскесінде жұмыс істеу барысында 72 жастағы ер адамның аяғы айналмалы қопсытқыш механизміне ілініп, қысылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шақырту орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен медициналық жедел жәрдем бригадасы дереу келіп жетті


"ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен қысылған аяқты алып шықты. Дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетіп, ер адам қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды", делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: