Оралдағы жарылыс: Зардап шеккен 10 адамның екеуі - бала

Жедел жәрдем көлігі, Орал, газ баллоны, жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 13:35 Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 16 маусымда Орал қаласында мал соятын орында газ баллоны жарылғаны, зардап шеккендер бары белгілі болған. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі осы оқыс оқиғаға қатысты тағы қосымша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің нақтылауынша, газ баллонының жарылуы салдарынан 10 адам, оның ішінде екі жасөспірім зардап шекті.

"Дәрігерлердің қарауынан кейін екі азамат үйлеріне жіберілді. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында", делінген хабарламада.

Айта кетсек, оқыс оқиға жергілікті базарлардың бірінде болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: