"Зардап шеккендер бар". Оралда жарылыс болды
Сурет: ҚР ТЖМ
2024 жылы 16 маусымда Орал қаласында мал соятын орында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға жергілікті базарлардың бірінде болған.
Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер бар. Әртүрлі күйік алған науқастар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
"Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып табылады. Сақ болыңыздар!", деп ескертті төтеншеліктер ел азаматтарына.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript