Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне түзетулер енгізіледі

 Мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне түзетулер енгізіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 10:31 Сурет: pixabay
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне толықтырулар жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне:

  • ведомстволық наградалармен наградтау туралы актілердің көшірмелері (бар болса);
  • қызметші еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер;
  • туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер;
  • жеке істі қалыптастыру немесе жаңарту сәтінде жарамды Qazaq resmi test/Qaztest және (немесе) шет тілін меңгеру деңгейі туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);
  • кәсіби қызметпен байланысты жеке жетістіктер туралы деректер;
  • қызметшінің ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласындағы әлеуметтік-қоғамдық қызметі және қабілеттері туралы деректер.

Көрсетілген деректер тек қана "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде оларды қағаз түрінде сақтамай жүргізіледі.

"Е-қызмет" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметшінің жеке ісін сапалы жүргізуді қамтамасыз ету заңнамаға сәйкес мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал аппарат басшысы лауазымы жоқ мемлекеттік органдарда – мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адамға жүктеледі.

Заң жобасы 2024 жылғы 28 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: