Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу: өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрықпен мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне келесі құжат кіретіні нақтыланды:
- мемлекеттік қызметші қол қойған ант мәтіні бар бланк (түпнұсқа мемлекеттік қызметші ант қабылдаған мемлекеттік органда ғана сақталады. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.).
Қазақстан Республикасының Президентімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшінің ант мәтіні бар бланкінің түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сақталады;
- мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану және оны мерзімінен бұрын алып тастау (бар болған жағдайда) туралы уәкілетті адамның актілері;
- нысан бойынша өмірбаян;
- мемлекеттік қызметшінің жеке, этикалық және кәсіби қасиеттеріне қатысты, оның кәсіби қызметімен байланысты жеке жетістіктері туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамнан немесе мемлекеттік органның бірінші басшысынан, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының лауазымды адамдарынан кәсіби қызметіне қатысты наразылық туралы мәліметтер;
Бұл ретте тізбе келесілермен толықтырылды:
- мемлекеттік қызметші туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органнан «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы сұратылатын құқық бұзушылықтар жөніндегі мәліметтер;
- мемлекеттік қызметшіні оқыту туралы мәліметтер;
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші туралы мәліметтерді «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде өзектендіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
Дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау дербес деректер саласындағы заңнама талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Бұйрық 2025 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript