Жаңалықтар тізбегі
0

Есірткі және контрабанда: Қызылордада трансұлттық ОПГ қатысушылары сотталды

Есірткі және контрабанда: Қызылордада трансұлттық ОПГ қатысушылары сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 13:15 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке қатысты үкімі күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі ("трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру"), 286-бабының 4-бөлігі ("трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда") және 297-бабының 4-бөлігі ("трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу") бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілді.

"Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденді".

Топқа қатысушылар 2023 жылғы тамызда ҰҚК жедел қызметкерлерімен прокуратура органдарының үйлестіруі және құзыретті органдарымен өзара әрекеттестікте ұсталды.

Тінту барысында олардан 1 кг-нан астам героин, 2 кг апиын, сондай-ақ 4 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Сондай-ақ, бүгін, 17 маусымда еліміздің 4 өңірінде полицейлер есірткі зертханаларының желісін жойғанын хабарлаған болатынбыз. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: