Тараз бен Шымкентте жер сілкінді

Жер сілкінісі, Тараз, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 18:03 Сурет: wikimedia
Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары 19 маусымда сағат 17:10 шамасында жер сілкінісі болғанын байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған әлеуметтік желілерден, сондай-ақ Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтынан алынған ақпараттар дәлел бола алады.

  • Аздап тербелді;
  • 2 балл болды шамамен Таразда;
  • Бірнеше секундқа ұстады, Шымкент;
  • 5-қабатта кәдімгідей сезілді. Шымкент;
  • 5-7 секунд қандай да бір діріл болды. 

Сондай-ақ, жер асты дүмпулері сезілгенін Өзбекстанның азаматтары да жазып жатыр.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 19 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 17:09-да Қырғызстанда жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 5.1. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ресми ақпарат жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: