Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысы ТЖД, Кеген ауданы, Алғабас ауылы, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 09:57 Сурет: wikimedia
19 қыркүйекте Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 19 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 06:57:32-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 149 км жерде, Кеген ауданының аумағындғы Алғабас ауылынан 58 км жерде таулы аймақта орналасқан..

Сейсмологтар сезілгені туралы мәліметтер жоқ екенін айтты.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.3.
  • MPV магнитудасы: 4.6.
  • Эпицентрдің координаттары: 43.29° с. е. 78.74° ш. б.
  • Тереңдігі: 20 км.

Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды:

  • ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
  • егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
  • ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
  • ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
  • үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
  • жеделсатыны пайдаланбаңыз;
  • сіріңке, шам жақпаңыз:
  • сымдарды ұстамаңыз;
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: