Павлодарда моншадағы қазандық жарылды: қабырға құлап, көлік зақымдалды

Павлодарда моншадағы қазандық жарылды: қабырға құлап, көлік зақымдалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 09:15 Сурет: Zakon.kz
19 маусымда Павлодардағы моншалардың бірінде қазадық жарылды. Ғимараттың қабырғасы құлап, жақын маңдағы көліктер зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай сағат 19:39-да болған.

"Павлодар қаласындағы монша-кір жуу кешенінің аумағындағы қазандықтың бір қабатты ғимаратында жарылыс болды. Бу қазандығында саңылау пайда болып, салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындаған. Оның әсерінен ғимараттың жалпы аумағы 20 шаршы метр қабырғасы құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды", деп хабарлады ведомство.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ведомствоның 9 қызметкері мен 4 құтқарушы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Оралда 16 маусым күні газ балоны жарылып, нәтижесінде, он адам зардап шеккен болатын. Оның екеуі бала.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: