Ақмола облысында көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерде қамалып қалған қыз терезеден секірген

Оқыс оқиға, Ақмола облысы, Степногорск, терезеден секіру, қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 12:50 Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Степногорск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде қамалып қалған қыз сыртқа терезеден шықпақшы болған. Ол үйдің подъезінің шатырына секіріп, аяғын жарақаттап алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқарушылар оны төмен түсірді.

"Қыздың мұндай әрекетке бару себебін қалалық полиция басқармасы анықтауда", делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: