Өтініштерді электронды формада қабылдайтын "Е-Otinish" сайты істемей тұр

Сайт, "Е-Otinish", ақау, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 21:37 Сурет: pixabay
"Е-Otinish" электрондық өтініштер сайтында ақаулар пайда болды. Қазіргі уақытта аталған сайттың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта "Е-Otinish" электрондық өтініштер сайтының қызметтерінің дұрыс істемеуі байқалады.


"Аталған сайттың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру күтілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: