Тағы бір бала көкжөтелден көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекцияға байланысты екінші өлім жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Көкжөтелден жыл басынан бері тағы бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпараты бойынша, қайғылы оқиға Ұлытау облысында болған.
"Жыл басынан бері көкжөтелден қайтыс болған екі бала өлімі тіркелді. Олар Қарағанды және Ұлытау облысының тумалары. Екеуі де вакцинацияланбаған. Екінші бала егу жасына жеткен жоқ"Айжан Есмағамбетова
Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қауіпті. Егер дер кезінде екпе жасалмаса, аса қауіпті вирус ауыр түрде өтеді тіпті өлімге әкеледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі, деп нақтылады Есмағамбетова.
"Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар — вакцинация. Қазіргі таңда екпе 2екі айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатарынан үш рет екпе алады. Еуропалық сападағы вакцина. Өндірушісі — Франция. Сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жалпы стастиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы — екпе алмаған",- деді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
Бұған дейін Қарағанды облысында бір жасар бала көкжөтелден қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript