Астанада жыл басынан бері 16 бала терезеден құлап, көз жұмды

Терезе, Астана, бала, құлау, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 15:48 Сурет: unsplash
2025 жылдың басынан бері қалада 52 терезеден құлау жағдайы тіркелді, салдарынан 39 бала жарақат алып, 13-і қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратпен Астана қалалық полиция департаменті бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін полиция профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері қалада 52 терезеден құлау жағдайы тіркеліп, 13 бала қайтыс болды". Астана қалалық ПД

Көп жағдайда ата-аналар балаларын терезе жанында қысқа уақытқа қалдырып кеткенде немесе москиттік торға сенгенде оқиға орын алады. Алайда москиттік тор баланы құлаудан қорғамайды — ол тек жәндіктерден сақтайды.

Елорда полициясы ата-аналарды балаларды қадағалауға және терезеден құлаудың алдын алатын техникалық құралдарды орнатуға шақырады. Бір сәтке ғана сыртқа шықсаңыз да, терезенің жабық екеніне көз жеткізіңіз. Қарапайым қауіпсіздік шаралары, ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.Әрбір ата-ана өз баласының денсаулығына тікелей жауапты

"Ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігі маңызды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, балаларды қараусыз қалдыруға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан ата-аналарды балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", делінген ПД хабарламасында.

Бұған дейін Түркістанда бір жасар бала дәретхана тесігіне түсіп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: