Атырау тұрғындары түнгі ауа райынан кейін қаланың келбетіне наразы
Сурет: Telegram / Атырау облысының әкімдігі
26 маусым күні таңертең Атырау қаласының тұрғындары түнгі ауа райынан кейін қаланың жағдайына наразы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатты жел мен жаңбырдың нәтижесінде пайда болған қаланың көріксіз келбеті жергілікті тұрғындардың ашуын туғызып,фотосуреттерді Атырау облысы әкімдігінің Telegram-чатына жібере бастады. Олар құлаған ағаштың көптігі көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретініне шағымданды.
Сурет: Telegram / Атырау облысының әкімдігі
Сурет: Telegram / Атырау облысының әкімдігі
Көптеген адамдар қолайсыз ауа райының әсерінен жұмысқа кешікккендерін айтады. Олардың сөзінше, қоғамдық көлік те тапшы болып, күнделікті уақыттан кешігіп келген. Ал үйлерде электр қуаты жоқ.
Сурет: Telegram / Атырау облысының әкімдігі
Әзірше әкімдік кері байланысқа шықпады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript