Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда есек шаруашылығын дамытуға тұрғындар наразы

Жамбылда есек шаруашылығын дамытуға тұрғындар наразы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 11:46 Сурет: pixabay
Жамбылда есек көбейіп, елдің егістігіне шауып жатыр. Жұрт жайылым жер жетіспей жатқанда салпаң құлақтың саны артқаны соққы болды деп наразы.

Айтуларынша, Талас және Байзақ ауданында қараусыз есектің қарасы көп. Ұзын саны 2 мыңнан асады. Ал қожайыны есек шаруашылығын дамытып, дәрі жасайтын зауыт салмақ.

Мына ен даланы еркін жайлаған есектер Таластың өрісін тақырға айналдырып, Байзақ жайылымын да жайпап барады. Жұрт хайуанның күрт көбеюі шегіртке шабуылын жолда қалдырды дейді. Бостандық, Тегістік, Шохан және Чапаев ауылдары өрісін есектен қорып әлек, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал иесі есектерді ел ішінен жинаған. 400 гектар жайылымды қоршап, қора жасапты. Тақтұяқтылар тып-типыл еткендіктен Байзақ даласына босатып жіберген. Кәсіпкер елде жоқ "Есек шаруашылығын" ашпақ. Сүті мен терісінен дәрі жасайтын зауыт салмақшы. Жобасына шетелдік серіктесі 3 млрд теңге инвестиция салуға дайын. Ол үшін әкімдіктен 10 мың гектар жер сұрап отыр.

"Сұраныс болып жатқанына біз де қуанып, ей кішкене істейік бар нәрсені, ары қарай алып жүріп, көрейік қолымыздан келсе деп. Енді сырттан инвестор келіп жатыр қандай жақсы." Айталы Құрманжан, кәсіпкер

Ал қытайлық инвестор өз елінде ұзын-саны 12 млрд есектен бүгінде бар-жоғы 1 млн бас қалғанын айтады. Сондықтан сырттан іздеп, Қазақстанды қолайлы көрген. Ал зауытта шығарылатын дәрілерді Қытайға жөнелтіп, Еуропа елдеріне сатпақ.

"Бізді қолдаған Жамбыл әкімдігіне рахмет. Қытайда 3 мың жылдан бері есек шаруашылығы жолға қойылған. Есектің терісінен "А" дәруменін аламыз, сүтінен обыр ауруын, омырау ісігін емдейтін дәрі жасаймыз. Препараттарымыз диабет пен демікпеге шипа болады." Суи Чын Ын, инвестор

Кәсіпкер жоба жүзеге асу үшін 2 мың есегін 10 мыңға жеткізуі тиіс. Сонда ғана қытайлықтар қаржы құймақ. Ал әкімдік қыруар қаржы әкелетін бизнес бағытын қолдаймыз деп қуанып отыр. Тіпті қазірден есектерге ен салып, есебін жүргізуді қолға алыпты.

"2 жылға дейін ол есепте болады. Енді өлетін есекті, кеткен есектің бәрін чип қоюмен қаратып отырамыз. Егерде бізде 50 млн юань облысымызға иневстиция келетін болса неге қолдау көрсетпеске." Еркебай Рысалиев, Байзақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Осы еті сойылып, қоғамдық орынға таратылып кетпей ме? Ол ешқандай таратылмайды. Есек малы сібір жарасына да қарсы, құтыру ауруына да қарсы егіліп, ол кәдімгі бақылауда тұратын мал болады, - дейді Олжас Көкей, Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

Енді бір жылдан соң есек шаруашылығына шырай бітіп, зауыт салынса 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір жергілікті билік жер қарастыру үстінде. Алайда аймақта 164 мың гектар жайылым жер жетіспейді. Сондықтан есектер үшін жер берілсе мал жайылымы мәселе тудыруы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: