Алматыда автобуспен болған жол апатына түрткі Kia-ның жүргізушісі екі айға қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Адвокат Қанат Әлсейітовтің әлеуметтік желіде Алматыдағы автобуспен болған жол апытан түрткі деп күдікке ілінген әйелдің екі айға қамауға алынғанын айтқан хабарламасы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анель Сартаева жол ережелерін бұзып, №18 автобуспен соқтығысты деп айыпталады. Аталған апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті.
Адвокат Қанат Әлсейітовтың айтуынша, әйелді кепілдікпен босату туралы өтініш қанағаттандырылмаған. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.
26 маусымда Kia көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесін кесіп өтіп, "City-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін №18 автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгініп, бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript