Павлодарлық дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен үш баланың жағдайы қандай екенін айтты
Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Павлодар облысында бала толы жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан. Бір ұл мен екі қыз бала ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар-онлайн" басылымның хабарлауынша, аталған жол апаты 29 маусымда Павлодар мен Ақсу арасындағы тас жолда болған.
"Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына бірден үш бала жеткізілді: 8 жасар ұл, 10 және 11 жастағы екі қыз бала. Балалардың жанында екі ересек адам: 65 жастағы ер адам мен 66 жастағы әйел болған. Жол апатынан зардап шеккен 37 жастағы ер адам медициналық тексеруден кейін үйіне оралды", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Облыстық балалар ауруханасы балалардың жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті.
"Балаларды кезекші дәрігерлер тексерді: травматолог, хирург және ЛОР дәрігері. Барлығы травматология бөлімшесіне жатқызылды. Ата-ананың айтуынша, 29 маусымда сағат 13.00-де Қарабай ауылының маңында жүк көлігімен соқтығысқан. Көлікте зардап шеккен балалар да болған. Қазіргі уақытта барлық қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті ақ халаттылар.
Үш балада да бас миының жабық жарақаттары, мидың шайқалуы, көптеген көгерулер мен сырылулар бар.
1 шілдеде ҚР құтқарушылары көрші елдегі селден қаза тапқан балалардың денелерін тасымалдау үшін Қырғызстанға ұшып барғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript