Маңғыстау облысында жол апатынан екі оқушы қаза тапты, тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр
Сурет: Instagram/911.aktau
Ақтау қаласы маңында оқушылар мінген жеңіл көлік жол апатына ұшырады. Екі бала мерт болып, тағы біреуі ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиға қаладан 21 шақырымда Ақшұқыр ауылы маңында болған, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты кезінде көлікте төрт оқушы болған. 2008 және 2009 жылы туған екі жасөспірім (біреуі - ұл, тағы біреуі қыз бала) қаза тапты. Тағы біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді, ал тағы бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, сондықтан ол үйіне босатылған.
"Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша көлік құралын басқаратын адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп атап өтті өңірлік ПД.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript