Офицер құмар ойынындағы бәстен жеңіліп, әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа өткізген

Офицер құмар ойынындағы бәстен жеңіліп, әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа өткізген , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 17:00 Сурет: unsplash
Семей гарнизонының әскери соты өзіне сеніп тапсырылған басқа біреудің мүлкін жымқырды деп айыпталған офицерге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, штабтың топографиялық қызметінің басшысы қызметтік бабын асыра пайдаланып, топографиялық құралдарды ломбардқа қойған. Оның бұл әрекетке бару себебі, букмекерлік сайттағы бәстен жеңілуі.


"Ол әскери бөлімнің мүлкі үшін екі миллион теңгеге жуық ақша алған. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды",- деді сот.

Сондай-ақ ол "капитан" әскери атағынан айырылды. Одан материалдық залал және мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: