Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның екі облысында "апатты режим" жарияланды

Электр энергиясы, Атырау, Маңғыстау облысы, жарықсыз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 18:05 Сурет: pixabay
Қазақстанның батысында электр энергиясының тапшылығына байланысты жарық жаппай өшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 шілде күні сағат 09:52 шамасында "KEGOC" АҚ жүйелік операторына Батыс өңірінде "апатты режим" жарияланғаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 11:05 шамасында апаттың алдын алуға байланысты автомат іске қосылып, 110/35 кВ бірқатар желілер ажыратылған болатын. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр", делінген Атырау қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Атырау энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес "Атырау Жарық" АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді. Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды.

Сағат 15:33 шамасында жарықсыз қалған барлық аймақтар толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілді.

Дегенмен "Атырау Жарық" АҚ-тың Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, ертең, 10 шілдеде электр желісіндегі апаттық жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында бірқатар мекен-жайларда электр жарығы өшіріледі:

  • сағат 10.00-17.00 - Гайдар, Жалаңтөс батыр, Левая перетаска көшелері;
  • сағат10.00-18.00 - Ақсай-2 7,12,22 үйлер, Маметова, Дулатов, Самал ы/а 2,4,7,13, 26,27,28 үйлер, Әбдірашит Сыдыханов, Үлкенбайұлы,Адгам Каримов, Кекілбайұлы көшелері, Контейнерный, Береке ықшам аудандары, Контейнерный көшесі, 1,2,3,9,11,15 ұйлер, пр-д 2, Гурьевснаб ауданы,Атырау-Доссор, Бірлік ауылдары, Қорқыт Ата, Ақсарай, Қосыбатыр, Ойсаз, Аманат көшелері, Геолог ауылы, Жаналы, Құрылыс ы/ау, Авангард-4 үй.11,12,12а,12б,13,13а,15,15а,б,21,21а,б

Каспий ы/ау, Студенческий даңғылы, Пушкин, Нажмеденов, Сәтпаев көшелері, 8,10,12 үй, Абая көшесі

  • сағат - 10.00-19.00 - Балықшы, Мерейлі, Ақжайық, Нұржанов, Көкарна ауылы, 13,15 үй, Курилкино

Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: