Қала үнем режиміне көшті: Ақтаудың басым бөлігі ауыз сусыз отыр
Ақтау - теңіз суы жағасында орналасқан Қазақстандағы жалғыз қала. Оны Маңғыстау атом энергия комбинаты (МАЭК) тұщыландырады. Қазір мұнда тәулігіне ең көп дегенде 52 мың текше метр ауыз су бере алатын сегіз тұщыландыру қондырғысы жұмыс істеп тұр. Алайда, аптап ыстық басталғалы бері жағдай өзгерді. Жыл сайын облыс орталығының тұрғындары жазғы кезеңде сусыз қалады.
"Сыртқы ауа температурасы - 40-42 градус ыстық, теңіздегі судың температурасы: +22+23 градусқа дейін. Судың бұл температурасы тұзсыздандыру процесіне кері әсер етеді. Сондықтан өндіріс көлемі төмендейді, бүгінде ол тәулігіне 46 мың текше метрді құрайды. Қондырғылардың қалыпты жұмыс істеуі үшін теңіз суының температурасы +15 +16 градус деңгейінде болуы қажет", – деді "МАЭК" ЖШС директорының бірінші орынбасары Сәбит Желкүшінов.
Ауыз су тапшылығына байланысты бүгін әкімдік автокөлік жуу орындарының жұмысын шектеу және ағаштарды суару жиілігін қысқарту туралы шешім қабылдады.
"Бүгінде Ақтауда 72 автокөлік жуу орыны тіркелген. MAEК-тен алынған телефонограммаға байланысты біз бүгін 33 көлік жуу орынын жаптық. Бұл жұмыс әлі жалғасуда. Бір күнде барлық автокөлік жуу орындары шамамен 330 текше метр суды тұтынады, олардың жұмысын шектеу қандай әсер беретінін байқаймыз", - деп атап өтті "КЖСА" МКК директоры Айсұлтан Сардарбеков.
Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, қала үнемдеу режиміне көшті.
Қазір орталық сумен жабдықтау тораптарының бірінде резервуарлардағы су деңгейі 3400 текше метрге жетті, ал апаттық деңгей – 3 мың текше метр. Жақын арада қалаға жақын орналасқан аудандардың бірінде тұзсыздандыру қондырғысын іске қосу жоспарлануда. Ол 4 мың текше метр ауыз су өндіре алады. Бұрын осы аймаққа МАЭК-тен берілетін барлық су енді қалаға жеткізіледі. Сонымен қатар, "Ақтау" тұщыландыру зауытында тәулігіне 6 мың текше метрден 8 мың текше метрге дейін өнім өндіріледі. Бірақ тұрғындардың бұл жақсы жаңалықты бірнеше апта бойы естіп келеді, жағдай болса, өзгермеген. Қазір су тапшылығынан әбден мезі болған Ақтаудың 19-шы ықшам ауданы тұрғындары жолды жапқаны белгілі болды. Бұрын да олар осылай істеген еді.