Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда автобус рөліндегі жүргізушіні ұрған ер адам іздестіріліп жатыр

Ұрған, Ақтау, автобус жүргізушісі, жолаушы, ер адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 22:59 Сурет: pixabay
Ақтауда жолаушы себепсізден себепсіз қоғамдық көлік жүргізушісінің бетінен ұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Автобустың ішіне орнатылған бейнебақылау камерасындағы таспада жолаушы микроавтобус жүргізушісіне жақындап келіп, оның бетінен шапалақпен ұрғанын көруге болады", деп жазады Lada.kz басылымы 9 шілдеде

"Жүргізуші ауруханаға барып, медициналық көмекке жүгінді. Жолаушы өзін-өзі біртүрлі ұстап, салонда дөрекі сөйлеген, ал кондуктор оған ескерту жасағанда ол оған тап береді, содан кейін жүргізушіге жақындап келіп оны еш себепсіз ұрған. Таспада көрініп тұрғандай, жүргізуші ол адамға ешқандай ескерту жасамаған. Қайта автобус тоқтап тұрғанда болған жағдай бұл, ал егер автобус жүргізіп келе жатқанда болса, не болар еді, Алматыдағыдай жағдай қайталанар ма еді", – деді №2 автобус маршрутының қожайыны Руслан Ахметнабиев.

Полиция басылымға қазір құқық қорғау органдары жүргізушіні ұрған адамды іздестіріп жатқандарын айтқан. 


"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені қабылданып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: