Семей тұрғындары жағымсыз иіске шағымдануда
Сурет: freepik
Семей тұрғындары жағымсыз иіске шағымдануда. 10 шілдеде қалалық әкімдік жағдайға түсініктеме беріп, иістің шығу себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалада таралған газдың иісі болып шықты.
"Биыл мамыр айында жұмыс істемейтін газгольдерлерді бөлшектеу бойынша Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтті, конкурс қорытындысы бойынша "Сапа ГАЗ" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Семей қаласындағы 58 тұрғын үйдің ауласындағы ескірген газголдерді сүру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда жоспарланған тұрғын үйлердің жартысынан көбінде аяқталды, соның салдарынан газдың иісі бар", - делінген әкімдік хабарламасында.
Қала әкімдігі тұрғындардан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрап, жұмыстардың 15 шілдеге дейін аяқталатын хабарлады.
"Айта кетейік, бөлшектеу жұмыстарының бұл түрлері балалар алаңдарын абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүргізіледі",- деп түйіндеді әкімдік.
Еске салайық, 1 маусым күні кешке қарай Ақтау тұрғындары қаладағы жағымсыз иіске шағымдана бастады. Мониторинг барысында Басқұдық ауылында орналасқан Мұхамбет медициналық пунктінің жанында орналасқан қоқыс салынған контейнерлер өрт аймағындағы атмосфералық ауаны өлшеу нәтижелері бойынша күкірт сутегінің артық мөлшерінің өртенгені анықталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript