Найзағайдың тамаша көріністері алматылық фотографтың камерасына ілікті
Сурет: Instagram/dots_foto
2024 жылдың 9 шілдесінде Алматыда жаңбырлы ауа-райы болды. Табиғаттың бұл құбылысы танымал фотограф Дмитрий Доценконың камерасына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың 10 шілдесінде оның Instagram парақшасында таңғажайып фотосуреттер жарияланды.
Доценко басылымның жазбасында өткен күнді егжей-тегжейлі сипаттады.
"Кеше түнде Алматыда қатты найзағай болды. Оның жақсы кадрларын түсіре алдым. Найзағай таудан да қаладан да көрінді. Енді бірлері бұлттар арасынан ғана жылт етіп жоқ болды. Соңғы бірнеше күннен жиналған ауа райының кадрларын тамашалай отырыңыздар". Дмитрий Доценко
КомментаторларДЫ Доценко тағы да таңқалдырды.
- Керемет жұмыс.
- Сондай әдемі!
- Қалай қорықпай түсіргенсіз?! Тамаша суреттер!
- Қорқынышты ауа райы болғанымен, суреттер сөз жоқ әдемі!
Ал осындай жаңбырлы ауа-райындағы жол жүру ережелерін, автокөлік иелеріне "Қазавтожол" еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript