Қарақұрт шапқыншылығы: Атырау облысында алты адам жансақтау бөлімінде жатыр

Қарақұрт шапқыншылығы: Атырау облысында алты адам жансақтау бөлімінде жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 16:09 Сурет: pxhere
Қарақұрт шапқыншылығы өңірдің құмды аудандарында өршіп тұр. Атап айтсақ, Индер, Исатай және Құрманғазы аудандары. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, облыстық жедел жәрдем станциясында қарақұрт шабуылының екі жағдайы тіркелген – Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында.

"Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз адам облыстық ауруханада емделуде, олардың төртеуі реанимацияда. Тағы үшеуі инъекция алды", - деп нақтылады әкімдік.

Сонымен қатар, үш бала балалар ауруханасына түсті: екеуін реанимацияға жатқызуға тура келді, тағы біреуі аурудың жеңіл түрімен босатылды.

Сондай-ақ, облыстың үш ауданында қарақұрт 400-ге жуық түйеге шабуыл жасап, оның 63-і өлді.

  • Исатай (181 түйенің 16-сы өлді)
  • Құрманғазы (122 түйенің 92-сі тірі қалды)
  • Индер (97 түйенің 17-сі, 16 ірі қара малдың 6-уы өлген)

Бұған дейін қарақұрттың шабуылынан қалай сақтану керектігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: