О дүниеден қайтарды: суда батып бара жатқан баланы ерлікпен құтқару әрекеті қазнетте қызу талқыға түсті
Сурет: pixabay
Қазақстандықтар өзенде қимылсыз ағып бара жатқан баланы құтқару туралы әсерлі бейнені қызу талқыға салуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жағалауда отырған жігіттер, өзенде қимылсыз ағып бара жатқан баланы көріп қалып, лезде көмекке ұмтылған. Олар баланы судан шығарып, бірден алғашқы көмек көрсетті. Балаға жасанды тыныс алдырып, өкпесіндегі суды шығарған. Бейненің сонында жеткіншектің хәлі жақсы екендігі көрсетілген.
Комментаторлар видеоны бір деммен көргендерін жасырмайды.
- Періштесі қақты
- О дүниеден қайтарды
- Көзім жасқа толып кетті ғой
- Жігіттер нағыз ерлік жасады
- Нағыз батырлар осылар
Кадрлар бұл оқиғаның басқа елде болғанын көрсетеді. Алайда, бұл қазақстандықтарға суда қырағы болу және қауіпсіздік ережелерін ұдайы сақтау туралы тағы бір ескерту.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript