Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Шымкент тұрғыны жүрек доноры болды

Операционная, операция, медицинские инструменты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 11:01 Фото: primeminister.kz
24 шілдеге қараған түні ЖКО салдарынан қаза тапқан Шымкенттік 18 жастағы жігіт жүрек доноры болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

OTYRAR Telegram арнасында хабарлағандай, 18 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды. Оның жүрегін басқа адамға трансплантациялау операциясын 24 шілдеде түнде "Шымкент жүрек орталығы" КЕАҚ дәрігерлері жүргізді.


Алдын ала мәліметтер бойынша, трансплантацияны жүргізуге орталықтың басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев, оператор-ассистент Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов қатысты.

Дархан Сүйгенбаев, сурет: heartcentershym.kz

Ал, Алматылық дәрігерлер қабырғасынан сүйек өсіп, өкпесін тесіп кеткен 17 жастағы жасөспірімді ажалдан аман алып қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: