Ақмола облысында мотоциклші жол-көлік оқиғасынан қаза болды
Тәртіп сақшыларының анықтауынша, HONDA мотоциклінің 39 жастағы жүргізушісі Гелиос жанармай құю бекетінен Астана – Петропавл автомагистраліне жылдамдықпен шығып кетіп, көлікті басқара алмай, Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lexus RX-300 көлігіне соқтығысқан.
Салдарынан мотоциклші қисық сызықты жол қоршауына ұшып кеткен.
Апаттан зардап шеккен адам бірден Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда алған күрделі жарақаттарынан жүргізуші қайтыс болған.
Медициналық қорытындыға сәйкес, Lexus RX-300 автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегені анықталды.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысында жазғы маусымда мотоциклдермен 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 19 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапқан.