Алматыдағы қоғамдық көліктерде банк карталарымен төлем жасауға болады ма
Бұған дейін Алматыдағы мәслихат депутаттары қоғамдық көліктегі жол жүруге қатысты 120 теңгелік жол ақысы тарифін мақұлдаған болатын. Мәслихат депутаттарының алдында сөз сөйлеген қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілгеніне қарамастан, жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсімдер автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығындарын өтемейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жаңа тариф 3-5 тамыздан бастап күшіне енетінін айтты.
Мұнымен қоса, қалада тамыз айынан бастап жүргізушіге қолма-қол төлем алынып тасталады. Бұл оның көлік жүргізу кезінде өзге де сыртқы жағдайға алаңдамауы үшін және жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында қабылданады. Осыған байланысты әкім Ерболат Досаевқа келесі сұрақ түсті:
"Алматы әкімдігі жол жүру ақысын банктік карталармен төлеуді енгізу мәселесін қарастырып жатыр ма? Жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу әдістерін ұлғайту жоспарлануда ма?"
Бұған мегаполис басшысы мұндай мүмкіндік бар деп жауап берді, өйткені "Оңай" жүйесінің электрондық билеттеуді ұйымдастырушылары төлем жүйесінің мәртебесін ала отырып, барлық түрлерімен: QR, банк картасына байланған қосымшалар және СМС арқылы төлем жасау мүмкіндігімен қажетті келісімдерге қол қойған. Сондықтан жүйе бұған дайын, деп қосты оңтүстік астананың басшысы.
Ұлттық статистика бюросы 22 шілдеде Қазақстанда қалалық автобустарда жол жүру ақысы қанша тұратындығын айтты.