Алматыда ТЖ кезінде қолданатын дабыл құрылғыларының саны қайта қаралады
Фото: pxhere
Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Бауыржан Сыздықов 2024 жылғы 30 шілдеде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында алматылықтар шағымданаған дабыл құрылғыларының дыбыс нашарлығы туралы наразылықтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларды министрлік жер сілкінісі жағдайындағы қалалық жаттығу кезінде қолданған болатын.
Мәселені журналистер көтерді. Олар әлеуметтік желілердегі адамдар құтқарушылардың сөйлеу дабылдары арқылы не айтатынын сұрыптау мүмкін емес деп шағымданғанын атап өтті.
"Әр сөйлеу қондырғысының өзіндік қамту аймағы бар. Оған үйлердің қабаттылығы да әсер етеді: биіктеген сайын бұрмаланулар да болады", – деп түсіндірді Бауыржан Сыздықов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қызметкерлер осы қондырғылардың қамту аймағын егжей-тегжейлі талдап жатыр. Бұл жұмыс тек Алматы бойынша ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілуде.
"Нүктелер нақты анықталатын болады және осы нүктелерге дабылдар орнатылады немесе алынып тасталады. Яғни, бұл жерде техникалық мәселе бар", - деп түйіндеді Бауыржан Сыздықов.
Айта кетейік, Алматыда соңғы рет сиреналар 26 шілдеде командалық-штабтық оқу-жаттығу кезінде қосылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript