26 шілдеде Алматыда сиреналар қосылады
Таратылған ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы ТЖ Департаменті ағымдағы жылдың 26 шілдесінде сағат 10.00-де жер сілкінісі туындаған жағдайда Алматы қаласының тұрғындарын хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШОЖ) өткізеді.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында техникалық ескерту жүйесінің құралдары кешенін қысқа уақытқа қосылады (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер)
"Барлығына назар аударыңыз!!!"- бұл ТЖ қаупі туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды тарату алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту бірыңғай сигналы.
Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек.
Командалық-штабтық құлақтандыру жабдықтарының дайындығын тексеру оқу-жаттығуы халықты хабардар ету және ТЖ-дан қорғау мақсатында жүргізіледі.