Қазақстандықтар Қорғаныс министрінен хабарламалар "алуда"
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Қорғаныс министрлігі 31 шілде күні ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың атынан таралып жатқан жалған хабарламаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мессенджерлерде ҚР Қорғаныс министрінің атынан жалған мәліметтерді қамтитын ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратты интернет-алаяқтар таратып жатқанын ескертеміз", — делінген хабарламада.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Ведомство азаматтарды жалған хаттарға сенбеуге шақырды.
Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынанан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тараған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript