Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының орталығында полиция автобусының қатысуымен ірі жол апаты орын алды

Алматының орталығында полиция автобусының қатысуымен ірі жол апаты орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 12:21 Сурет: Zakon.kz/Ерлан Жунисулы
Алматыда 2024 жылдың 1 тамызында таңертең ішкі істер министрлігінің автобусының қатысуымен ЖКО орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат туралы ақпаратен куәгерлер бөлісті.

Алматының орталғында полиция автобусының қатысуымен ірі жол апаты орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 12:21

Сурет: Zakon.kz/Ерлан Жунисулы

"Менің үйімнің жанында жантүршігерлік апат болды. Үлкен полиция автобусы қиылыста жеңіл көлікті соғып кетті. Бір минуттан кейін көліктің жанында көп болған полицейлердің айтуынша, жігіт бағдаршамның жыпылықтаған "сары" түсінде қиылысын аяқтаған. Ал, автобус уақытынан сәл ертерек қозғалған. Жігіттің қан-жоса болса да, тірі қалғаны қуантады",- деп жазды Евгений Мухамеджанов Facebook-тегі парақшасында.

Тағы бір куәгердің айтуынша, бір адам ми жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

Алматы полиция департаментінде ЖКО туралы түсініктеме берілді.

"Бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алған мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметтік көлігінің қатысуымен болған ЖКО фактісі бойынша тергеу басталды. Апат салдарынан Suzuki маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да жағдайлары анықталуда", — делінген түсініктемеде.

30 шілде күні Алматыда көшедегі шұңқырдан айналып өтпек болған автокөлік иесі апатқа ұшырады — 5 адам зардап шекті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: