Алматыда кезекті суицид орын алды
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, 18 жастағы жігіт биіктіктен секіріп, өз өмірін қиған.
Алматы ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растады.
"Аталған факті бойынша Әуезов ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", — делінген түсініктемеде.
Зер салсақ, соңғы уақытта жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактісі жиілеп кетті. Мәселен,
12 қыркүйекте 12 жасар қыздың 13 қабаттан секіргені туралы хабарланды.
2024 жылдың 16 қыркүйегінде екі қыз көпқабатты үйден құлап қайтыс болды. 19 қыркүйекте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл сөзсіз өз-өзіне қол жұмсау екенін айтты.
21 қыркүйекте тағы бір суицид болды: Бостандық ауданында жасөспірім қыз 13-қабаттың балконынан құлап кетті.
22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында ҰҚК Шекара академиясының 19 жастағы курсанты биіктен құлап, мерт болды.