Алматыда жол апатына ұшыраған көлік әйнек аялдаманы күл-талқан етті

Жол апаты, Алматы, Volkswagen Polo, аялдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:24 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 14 қыркүйегінде таңертең Алматыда Назарбаев-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Назарбаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігі бағдаршамның рұқсат етілген белгісі бойынша жүрісін жалғастырған.


Аталған көшелердің қиылысында Қабанбай батырдың шығыс бағытында жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Volkswagen Polo бағдаршамның қызыл белгісін елемей, жолды қимақ болады. Алдынан ғайыптан атып шыққан оны көргенде Hyundai жүргізушісі абдырап, ештеңе жасай алмай қалады, сөйтіп Volkswagen көлігінің бүйірінен соғады. 

Сурет: Zakon.kz

Өз кезегінде Volkswagen Polo ұшып, жолдың жиегіне төңкеріліп түседі, онымен қоймай ары қарай шөппен сырғанап аялдама алдындағы арыққа барып тіркеледі.

Сурет: Zakon.kz

Көлік аударылып, ауаға көтерілгенде сол маңдағы ағаштың бұтақтарын сындырып, ал көліктің артқы жағы әйнек аялдамаға соғылып, оны күл-талқан етті.

Сурет: Zakon.kz

Құдай сақтағанда аялдамада ешкім болмаған, өйткені бұл таңертеңгі ерте уақыт болатын.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі көліктің жүргізушілері де зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен жол полициясының қызметкерлері Volkswagen көлігінің жүргізушісін мас болуы мүмкін деген күдікпен медициналық тексеруге алып кетті.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: