"Торпедо" жастар хоккей командасының қақпашысы қайтыс болды
Сурет: hctorpedo.pro
"Торпедо" жастар хоккей командасының қақпашысы Иван Пыленок 2 тамызда Өскемен спорт сарайында жаттығу кезінде ауырып, артынша ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Торпедо" ХК ресми сайтында хабарланды.
"Бүгін спорт сарайда "Торпедо" жастар хоккей командасының қақпашысы Иван Пыленок (2005 ж.т.) өзін нашар сезінді. Спорт сарайының дәрігерлері мен қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеттті", — делінген хабарламада.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы дереу шақырылды, дәрігерлер спортшыға көмектесіп, шұғыл ауруханаға жатқызуды ұйымдастырды.
"Өкінішке орай, қабылданған шаралар кешеніне қарамастан, Иван ауруханада қайтыс болды. "Торпедо" хоккей клубы Иванның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. Біз оны талантты, өршіл және жарқын спортшы ретінде еске аламыз. Бұл бәріміз үшін орны толмас қайғы!"- делінген хабарламада.
Бұған дейін 27 шілдеде бітік тастың білгірі, белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өткендігі хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript