ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды

Ағымдағы жылы шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды". ҚР ҰҚК

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
"Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды",- деп түйіндеді ведомство.
2024 жылғы 3 тамызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкелудің жолын кесті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript