Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында алтын ұрлауға қатысы бар қылмыстық топтар ұсталды

Жамбыл облысында алтын ұрлауға қатысы бар қылмыстық топтар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 14:07 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Биыл бірқатар өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тонна кен тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметтеріне сәйкес, шілде айында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері "Алтыналмас" АҚ "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға қатысы бар адамдарды ұстау бойынша жедел іс-шаралар өткізді.

"Іздеу іс-шараларының нәтижесінде Ақбақай, Мойынқұм, Бірлік кенттерінде 11 заңсыз ұсақтау цехы табылды. Онда кен мен тастарды өңдеуге арналған арнайы жабдық, алтын, қаражат, сондай-ақ тоғыз атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді",- деп хабарлады ведомство.

"Қаракөз" карьерінің аумағында заңсыз кен іздеушілердің екі бригадасы ұсталды. Заңсыз кен өндіріп, шахталарға кірген 17 адам. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бұдан басқа, арнайы іс-шараларды өткізу кезінде "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар 600 қаптан астам шикізатты ұрлау фактісі анықталды. Оған комбинаттың бұрынғы қызметкерлерінің қатысы болған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Комбинаттың қауіпсіздік қызметімен бірге ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: