Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ: Алтын іздеушілердің қылмыстық тобы ұсталды

ІІМ: Алтын іздеушілердің қылмыстық тобы ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 09:42 Сурет: wikimedia
ІІМ Ақмола облысының кендерінде құрамында алтыны бар материалдардың заңсыз айналымына қатысы бар заңсыз кен қазушылардың әрекетін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл полиция қызметкерлері 400-ден астам заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілді.

Осындай ұйымдасқан топ биыл қаңтар айында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен ұсталып, кенді қайта өңдейтін заңсыз цех жойылды. Салмағы 600 кг-нан астам құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленді.

Сәуір айында Степногорск қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі алтын ұрлаумен айналысқан үш заңсыз кен қазушы бригаданың жолын кесті.

"Кенді қайта өңдейтін үш шағын цех, сегіз тоннадан астам құрамында алтыны бар концентрат, контрафактілік зергерлік бұйымдардың ондаған жиынтығы тәркіленді. Шахтаның 200 метр тереңдігінде жерасты жуу цехы табылды. Полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тергеу жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

26 мамырда Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы үш жерасты кен өңдеу цехы табылды.

"Әр түрлі жабдықтар, шамамен 300 қап кен тәркіленді. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қызметкерлері ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда", – деді Қуандық Алпыс.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: