Алакөлдегі оқиғадан кейінгі жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері нені көрсетті
Сурет: pxhere
Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компания мен 4 ұшқышты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің 2024 жылғы 8 тамыздағы ақпаратына сүйенсек, жоспардан тыс тексерулердің қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мынадай талаптарын бұзушылықтар анықталды:
- командир әуе кемеде ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз ұшуды жүзеге асырды (4 факт тіркелді) және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына хабарламаған;
- ұшу құжаттамасының болмауы;
- әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер тіркелді.
Сондай-ақ, тамыз айында 6 пайдаланушыны тексеру жоспарланған.
Шілде айында 10 авиакомпанияны іріктеп тексеру жүргізілді.
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды".ҚР Экономика министрлігі
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 25 шілдесінде Ақши ауылында Алакөлде әуе кемесі құлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript