Алматы әуежайында Назым Қызайбайды қарсы алды
Сурет: Zakon.kz
12 тамызға қараған түні Алматыға Олимпиада ойындарының қола чемпионы және қазақстандық бокстың мақтанышы Назым Қызайбай Парижден оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Уақытқа қарамастан, әуежай ғимараты спортшының жанкүйерлеріне лық толы болды. Алдын-ала дайындық жасалып, ғимарат іші безендірілді.
Күту уақытын өткізу үшін қарсы алушылар, Назымның бейнесі бейнеленген баннерлер фонында суретке түсті.
Қарсы алушылар қатарында спортшының анасы да болды.
Құшағы гүлге толған спортшы өзінің анасын ертіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.
Ұзақ әуе сапарынан оралғанына, шаршағанына қарамастан Назым Қызайбай БАҚ қызметкерлеріне де уақыт бөліп, сұхбат берді.
Сондай-ақ, осы түнде Парижде олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



