Назым Қызайбайда Париж Олимпиадасының кемі қола медалі бар

Назым Қызайбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 20:19 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын. 

Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.

Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті. 

Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: