Назым Қызайбай: Бапкерлерімді алаңдатып жібергендей болдым

Назым Қызайбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2024 21:41 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр.

Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты. Сол үшін алдағы айқастарыма барынша тыңғылықты дайындалып шығамын", - деді кездесуден соң Назым Қызайбай. 

Еске салайық, Назым Қызайбай алғашқы айналымда италиялық боксшыдан басым түсті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: