Назым Қызайбай: Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын

Назым Қызайбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 20:55 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Назым Қызайбай ширек финалдық жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгінгі колумбиялық қарсыласымнан әлем чемпионатында ұтылып қалған едім. Осы жолы есе қайтаруға тырыстым.

Негізінен, ақылмен жеңдім деп айта аламын. Тактика сондай болды.

Келесі қарсыласым да оңай емес, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы.

Десе де, жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медальға таласуға бар күшімді саламын", - деді Қызайбай. 

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын. 

Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.

Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: