Жаңалықтар тізбегі
0

Несиесін төлей алмаған қазақстандық өзін өлілер тізімінен тапқан

Мобильное приложение eGov mobile, ЦОН, центры обслуживания населения, цифровые документы, удостоверение личности, паспорт, егов, egov, ЭЦП, электронная цифровая подпись , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 16:55 Фото: gov4c.kz
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауылының тұрғыны "жерленді". Ол бұл туралы бірнеше рет онлайн несие төлеудің сәтсіз қадамдарынан кейін білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ол ай сайынғы несиені төлеу барысында бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған. Нақтырақ айтқанда, шоттағы сома алынбай қойған.

"Мен операторларға жүгіндім, олар: "сіз 4 шілдеде Астана ауруханасында қайтыс болдыңыз", — дейді. Маған АХАЖ – ға, салыққа, ХҚКО-ға бару керектігін айтты, қазір мен барлық керек шараларды істеп жатырмын", — деп бөлісті әйел видеода.

Ол дәрі-дәрмек алу үшін ауруханаға барғанда, ол жақтың базасында да қайтыс болғаны туралы ақпарат келтірілген.

"Дегенмен, ол жақтың қызметкерлері маған түсіністік танытып, дәрілерімді берді. Мен қан қысымының жоғарлауымен дәрігерлердің тізімінде тұрамын. Жақын арада зейнетке шығатын едім, жинақ шотым қалай болмақ, сондай-ақ несиелеріме айыппұл жүріп кетпейді ме екен, соған алаңдаулымын",- деді ол.

"Азаматтарға арналған Үкімет" жағдайға түсініктеме берді.

"4 шілдеде Астананың медициналық мекемесінде бір әйел қайтыс болды. Медициналық ұйымның қызметкерлері деректерді базаға енгізген кезде ЖСН-нің бір цифрында қателесті. Базада БҚО тұрғынының деректері шыққан. Дәл осы медициналық ұйым базадағы деректерді түзетуге тиіс", — деп түсіндірді ХҚКО.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: