Семейде оқушылардың ата-аналары №12 мектептің жанындағы қолайсыздықтарға алаңдайды
Айлар бойы созылып келе жатқан мәселені шешу үшін тұрғындар ABAI NEWS қалалық Telegram арнасының әкімшілігіне жүгінді. Белгілі болғандай, өткен жылы аталмыш аймаққа асфальт төселіп, жол белгілері орнатылған. Алайда, жарықтандыру жүргізілмеген.
Жарықтанудың жоқтығы. Сурет: Telegram/ABAI NEWS
Бес ай бұрын ескі тіректердің орнына, жаңалары орнатылған. Ал, жарықты жақын арада береміз деп уәде берген, содан бері еш өзгеріс жоқ.
"Бұл №12 мектепке апаратын басты көше. Әне-міне дегенше оқу жылы басталады. Екінші аусымның балалары қандай қарағылықта қайтатынын елестетіп көріңізші",- деді алаңдаулы ата-ананың бірі.
Белгілі болғандай, жарықтандырудан басқа тротуарлар да әлі жасалмаған. Жаяу жүргіншілер балаларымен қоса өз өмірлерін де қауіпке тігіп, көліктің жолымен жүруге мәжбүр.
Тротуарлардың жоқтығы. Сурет: Telegram/ABAI NEWS
18 шілдеде Семейде қызын зорлап, ұлды азаптап өлтірген адам сотталды.