FlyArystan-мен кезекті жанжал: әйгілі тележүргізуші полицияға арыз жазды
Сурет: Instagram/sultankyzy
Белгілі қазақстандық журналист және тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында жарақат алды. Ол бұл туралы 2024 жылдың 13 тамызында Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғадан кейін Сұлтанқызы полицияға хабарласып, FlyArystan-ға арыз жазған.
"Кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жыорып, қабағым жарылды. Бұл FlyArystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай". Ләйлә Сұлтанқызы
Оның айтуынша, бортсеріктер мен әуекомпания алғашқы көмекке дайын болмаған — "Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ".
Ол өзінің орнында бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болатындығын айтты.
"Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!",- деп нақтылады ол.
Zakon.kz редакциясы FlyArystan әуекомпаниясы мен азаматтық авиация комитетіне, сондай-ақ көліктегі полиция департаментіне түсініктеме алу үшін жүгінді.
Бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы рейс кешігуі кезінде жолаушыларды қонақүйге орналастырмағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Компанияға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript