Қостанай облысында 475 адам мысықтардың шабуылынан зардап шеккен
Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қостанай облысында 1754 адам антирабиялық көмекке жүгінді. Бұл жануарлардан тарайтын құтырудың алдын алуды қарастыратын процедура. Екпе алғандардың ішінде көпшілігі мысық асырайтынын жасырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
kstnews.kz-ке облыстық санэпидбақылау департаменті берген ақпарат бойынша, 1692 адам - үй жануарларынан зардап шеккен.
- иттермен байланысты - 1201 жағдай;
- мысықтармен байланысты - 475 оқиға;
- төрт түлікпен байланысты - 16 жағдай;
- жабайы жануарлармен - 62 жағдай;
- қаңғыбас жануарлармен - 792 оқиға.
740 зардап шегушіні қауіпті аймақтан (бас, бет, мойын, саусақтар мен қолдар) тістеген.
Айта кетейік, мұның бәрі 2024 жылдың жеті айындағы деректер.
Санэпидбақылау департаменті медициналық көмек пен құтыруға қарсы вакцинация тегін жүргізілетінін ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript