Велосипедпен бірге құлады: Алматыдағы терең шұңқырға баланың құлау сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Велосипедпен бірге құлады: Алматыдағы терең шұңқырға баланың құлау сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 15:55 Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz редакциясына Алматыдағы траншеяға баланың құлаған сәтіндегі кадрлар бар бейне жіберілді.

Бақылау камерасы түсірген кадрларда баланың велосипедпен жол шетінде тұрғанын, бір сәтте велосипед дөңгелектері артқа қарай жылжығанын және оны бала игере алмай терең қазылған шұңқырға құлағанын көруге болады. Қауіпсіздік мақсатында орнатылған тор баланы құлаудан құтарып қала алмады. 

Бағына орай, бала ауыр дене жарақаттарын алмаған. 

"Науқас №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті, онда барлық қажетті медициналық тексерулер мен ұсынымдардан кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", – деп түсіндірді Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Испанияда футбол алаңында 11 жасар баланы өлтіріп кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: