Жаңалықтар тізбегі
0

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілетін қалалар мен елді мекендер тізімі пайда болды

Сельскохозяйственная техника, сельхозтехника, сбор зерна, зерно, пшеница, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 16:51 Фото: primeminister.kz
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы Қазақстанның 54 елдімекенін қамтиды. Бұл туралы 2024 жылғы 19 тамызда Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы 2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

"Бұл кезең аясында еліміздің әр өңірінде екі ауылдан және бір қаладан – барлығы 54 елдімекен қамтылады".Ұлттық статистика бюросы
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілетін қалалар мен елді мекендер тізімі пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 16:51

Сурет: gov.kz

Санақты Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізеді. Оған заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, шаруа және фермер қожалықтарын қоса алғанда, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары қатысады.

Санақ сауалнамалары өз бетінше толтыру үшін 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін sanaq.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ үй шаруашылықтарына арнайы киінген (ақ қалпақ пен оның жеке басын куәландыратын бэйджы бар) және қолында планшеты бар интервьюерлер барады.

"Ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығына немесе телеграмдағы statgovkz_bot ботына хабарласуға болады".Ұлттық статистика бюросы

2024 жылғы 24 шілдеде Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағын қалай өткізетіні туралы Ауыл шаруашылығы статистикасы департаментінің Ұлттық санақ жүргізу басқармасының басшысы Әсел Сәрсекова айтқан болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: